Домой Новости Атырауда түн ішінде аң аулауға шыққан шопанды 14 жастағы жеткіншек өлтіріп алды

Атырауда түн ішінде аң аулауға шыққан шопанды 14 жастағы жеткіншек өлтіріп алды

Атырау облысы, Жылыой ауданындағы қыстақтардың бірінде 14 жастағы жасөспірім абайсызда шопанды өлтіріп алды деп хабарлайды «Атырау»басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Атырауда түн ішінде аң аулауға шыққан шопанды 14 жастағы жеткіншек өлтіріп алдыКӨРНЕКІ ФОТО: ATR.KZ

Оқиға түнгі мезгілде орын алды. Жасөспірім демалысқа шыға салысымен Биікжал ауылында тұратын ағасына қыдырып келген. Әлгі ағасы қыстақта көмекшісімен бірге мал бағады екен.

Оның әбден ұйықтап кеткеніне көз жеткізген көмекшісі мен жеткіншек түн ішінде аң аулауға шығып, өздерімен бірге қару-жарақты да ала кетеді. Өкінішке орай, бұл әрекеттерінің соңы қайғылы жағдаймен аяқталған.

Жасөспірім мылтықтан байқаусызда оқ атып, шопан көмекшісінің басына тиеді. 18 жастағы жігіт сол жерде тіл тартпастан көз жұмған. 

Қазір бұл іске қатысты Қылмыстық кодекстің 104-бабы 1 бөлігі («Абайсызда қазаға ұшырату») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті

comments powered by HyperComments