Домой Новости Қатерлі ісікке шалдыққан соң күйеуі тастап кеткен қазақ қызы бақытқа қалай қол...

Қатерлі ісікке шалдыққан соң күйеуі тастап кеткен қазақ қызы бақытқа қалай қол жеткізді?

Өмірде түрлі қиындықтарға тап болса да қажымайтын, мойымайтын, керісінше, жігерлене түсетін жандар бар. Солардың бірі – Аселина Лесса Андрулаки деп жазады «Замана» басылымы.

Қатерлі ісікке шалдыққан соң күйеуі тастап кеткен қазақ қызы бақытқа қалай қол жеткізді?АСЕЛИНА. ФОТО: «ЗАМАНА»

Қарағандының жігітіне тұрмысқа шыққан қазақ қызы Аселина басынан өткен қиын сәттерді есіне алды.

«18 жасымда Қарағандының жігітіне тұрмысқа шыққанмын. Өкінішке қарай, біздің бақытымыз баянды болмады. Қызымыз енді туылғанда күйеуім жол апатынан қаза тапты. Осыдан кейін мен төркініме қайтып келдім.

Араға үш жыл салып тағы бір жігітті кездестірдім. Екеуміз бас қостықОл менен 17 жас үлкен еді. Соған қарамастан, қайынжұртым мені аса жақтырмады. «Ұлымыз балалы әйелге үйленді» деген көзқараспен қарады. Осылай ырың-жырыңмен жүргенде екінші ұлымды дүниеге әкелдім.

Ал 2009 жылы дәрігерлер маған «қатерлі ісік ауруына шалдыққансыз» деді. Бұл сөзді есту маған, әрине, оңай тиген жоқ. Өмірлік серігім деген адам мені осы сәтте тастап кетті.

Қайтадан екі баламмен төркініме келдім. Бар жиған-тергенімізді сатып, Германияға барып ем алдым. Үш рет химиялық терапия алған адам қайбір оңсын?

Тек ата-анам­ның, бауырларымның шексіз ме­йірімі мен қамқорлығының арқасында мен бұл ауруды жеңіп шықтым. Жаңа өмір бастадым. Балаларға арналған «Фешн бэби» деп аталатын өнер орталығын аштым. Бірнеше халықаралық байқауларға қатыстық.

2012 жылы Грекияда өткен бір байқауға балаларды алып барғанымда қазіргі жолдасыммен таныстым. Оның ұлты – грек. Ол кісінің мамандығы – дипломат. Сол себепті қазір Америкада, Джорджия штатында, Атланта қаласында тұрып жатырмыз», — дейді Аселина.

Аселина отбасында дінге, тілге қатысты қарама-қайшылық жоқтығын алға тартты.

«Менің ата-анам өте қазақи, дінге, тілге берік жандар. Сол кісілердің тәрбиесін алғасын мен де өз дініме, тіліме асқан жауапкершілікпен қараймын. Өзге дінге өткен емеспін. Жылына бір келетін Оразада ауыз бекітемін, ауызашар береміз.Оған күйеуім ешқашан қарсы болған емес.

Христиан дінін ұстанса да «Құдай – бір» деген көзқараспен өмір сүреді. Менімен бірге мешітке барып, садақа тастайды. Ал үйде күйеуіммен орыс, грек, ағылшын тілдерінде, балалармен қазақ тілінде сөйлесемін», — дейді ол.

comments powered by HyperComments