Домой Новости Астанада элиталық Infiniti көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілерді қағып кетті (фото)

Астанада элиталық Infiniti көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілерді қағып кетті (фото)

Астанада жол апаты орын алып, салдарынан үш бойжеткен зардап шекті. Бұл туралы оқиғаның куәгерлері әлеуметтік желіде хабарлады.

Астанада элиталық Infiniti көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілерді қағып кетті (фото)ОҚИҒА ОРНЫ. ФОТО: FAСEBOOK/MARAT RAIMKHANOV

Facebook желісіндегі  Marat Raimkhanov есімді қолданушы жол апаты «Керуен» сауда үйінің маңында болғанын айтады.

«Тап үйімнің маңында жол талғамайтын көлік ағаштарды жапырып, газон өсіп тұрған алаңқайға кіріп кетті. Куәгерлер Infiniti FX35 көлігінің жүргізушісі «Керуеннің» автотұрағынан шығып, екі көлікке соқтығысып, кейіннен тротуарға шығып, үш қызды қағып кеткенін айтады.

Одан кейін жедел жәрдем екі қызды алып кетіпті. Екеуі де ауыр халде дейді олар. Қан іздері әлі де бар. Жаяу жүргіншілерді қаққан жүргізуші көлікті тоқтатпай, Сығанақ көшесіне қарай келе жатқан. Осы сәтте ол тағы бір Камри көлігін жанап өткен.

Оның жүргізушісі жол апатының себепкері көлікті тоқтатпай, аялдамаға қарай кетіп бара жатқанын көріп, оны тоқтатуға асыққан. Ол есікті ашып, құқықбұзушыны тоқтатып, тежегішті өзі басқан.

Бәлкім, ол осылайша басқа да жаяу жүргіншілердің өмірін аман алып қалған болар. Нағыз батыр», — деп жазған ол.

Сонымен бірге, оның айтуынша, бірнеше адамды қаққан көлік жүргізушінің әрекеті де назар аударарлықтай болған. Себебі, ол бастапқыда ол жерге отыра кетіп, не істерін білмей кеткен.

Астанада элиталық Infiniti көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілерді қағып кетті (фото)ФОТО: FCAEBOOK/MARAT RAIMKHANOV

Астанада элиталық Infiniti көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілерді қағып кетті (фото)ФОТО: FCAEBOOK/MARAT RAIMKHANOV

Today.kz хабарлауынша, Астана ІІД баспасөз қызметі полицияның мән-жайды анықтап жатқанын жеткізген.

comments powered by HyperComments