Домой Новости Астанада атышулы «Бораттың» стилінде киініп алған шетелдіктерді полиция ұстап әкетті (фото)

Астанада атышулы «Бораттың» стилінде киініп алған шетелдіктерді полиция ұстап әкетті (фото)

Астанада атышулы «Бораттың» стилінде киініп алған шетелдіктерді полиция ұстап, оларды бірден Есіл аудандық ІІБ-нің бөлімшесіне жеткізген деп хабарлайды Instagarm-дағы skandal_krg парақшасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Астанада атышулы "Бораттың" стилінде киініп алған шетелдіктерді полиция ұстап әкетті (фото)ФОТО: SKANDAL_KRG

Астаналық полицейлер 10 қараша күні жартылай жалаңаш суретке түскен Чехия мемлекетінің алты азаматын тұтқындаған. «Бораттың купальнигін» еске түсіретіндей киінген ер адамдар ЭКСПО-дағы «I love Astana» жазуының қасында фототүсірілім ұйымдастырыпты.

«Жұма күні ЭКСПО маңындағы көлік қоятын тұрақ территориясында ерсі түрде суретке түскен Чехияның алты азаматы ұсталды. Осы оқиғаға қатысты әкімшілік кодекстің 434 бабы бойынша іс қозғалып, барлық материалдар сотқа жіберілді», — дейді елордалық ІІД-нің баспасөз хатшысы Софья Қылышбекова.

Астананың мамандандырылған ауданаралық соты сол күні әкімшілік істі қарап, шешім шығарған.

Соттың шешімімен тәртіп бұзған шетелдіктер 10 АЕК көлімінде (22 мың теңге шамасында) айыппұл төлеуге міндеттелген.

comments powered by HyperComments