Домой Новости Астанада қате диагноз қойған дәрігерлер науқас әйелдің омырауын кесіп тастаған

Астанада қате диагноз қойған дәрігерлер науқас әйелдің омырауын кесіп тастаған

Астанада науқас әйел дәрігерлердің қателігінен сүт безінен айырылды деп хабарлады елорда сотының баспасөз қызметі.

Астанада қате диагноз қойған дәрігерлер науқас әйелдің омырауын кесіп тастағанКӨРНЕКІ ФОТО: SPUTNIKNEWS.KZ

Әйел елордадағы клиникалардың бірінде маммолог дәрігерге көрінеді. Қате диагноз қойған дәрігердің немқұрайлылығы салдарынан науқастың оң жақ сүт безін ота арқылы алып тастаған.

«Дегенмен операциядан кейін оң жақ сүт безіндегі ісік қатерсіз екені анықталды», — делінген хабарламада.

Астана қаласының Есіл аудандық сотының шешімімен клиникадан материалдық және моральдық шығын өндірілді.

«Әйел 1,5 миллион теңгедей алады – бұл материалдық шығын мен моральдық залал», — деп хабарлады Астана сотының баспасөз қызметі.

Шешім заңды күшіне енді.

comments powered by HyperComments