Домой Новости Астанада арнайы жасақ өкілдері есірткі таратушыларды қолға түсірді

Астанада арнайы жасақ өкілдері есірткі таратушыларды қолға түсірді

Астана полициясы қалаға есірткі таратушыларды қолға түсірді. Бұл туралыNUR.KZ порталы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Астанада арнайы жасақ өкілдері есірткі таратушыларды қолға түсірдіЕСІРТКІ. КӨРНЕКІ ФОТО: PARK72.RU

9 қараша күні Астана ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері арнайы операция жүргізіп, есірткіні таратумен айналысқан қылмыстық топ мүшелерін қолға түсірді.

Есірткіні жеткізуші әрі қылмыстық топтың ұйымдастырушысы қамауға алынды. Ол — есірткі қылмысы үшін бұған дейін істі болған 1982 жылғы Жамбыл облысының тұрғыны.

Сонымен қатар, оның қылмысына болысқан өзге тұлғалар анықталып, ұсталды. 37 және 39 жастағы екі жергілікті тұрғын есірткіні сақтауға және қала аймағында таратуға қатысы бар деп күдіктелуде.

Полиция олардың тұрғылықты мекенжайы бойынша жасырын қоймасын анықтап, 15 келілік «гашишті» тәркіге алды.

comments powered by HyperComments