Домой Новости Антальяда қазақстандық қызды көлік қағып кетті

Антальяда қазақстандық қызды көлік қағып кетті

Теміртаудан Антальядағы әпкесіне қонаққа келген 21 жастағы Меруерт Дуганованы жаяу жүргіншілер жолағында көлік қағып кетті деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Антальяда қазақстандық қызды көлік қағып кеттіИЛЛЮСТРАЦИЯЛЫҚ ФОТО: ARHIV.VMESTEZP.ORG

Қыздың әпкесінің айтуынша, ол бірнеше метрге ұшып кеткен. Полиция жүргізушіні ұстады.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бойжеткен жол апаты салдарынан қатты жарақат алып, оған қаладағы жекеменшік клиникалардың бірінде жедел түрде ота жасалған.

«Қазақстан консулы ауруханаға барып қайтты, дәрігерлермен кездесті. Қазіргі уақытта қыз жансақтау бөлімінде жатыр. Клиникадағы дәрігерлердің айтуынша, қыздың жағдайы ауыр, бірақ тұрақты», — деп хабардар етті СІМ баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, қазақстандық дипломат зардап шеккен қыздың туысымен байланыста, қажетті көмекті көрсетіп жатыр. Сондай-ақ ол жергілікті полиция өкілдерімен байланысқа шығып, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

СІМ мәліметінше, Меруерт Антальяға осыдан шамамен бір ай бұрын келген.

comments powered by HyperComments