Домой Новости Қалталы студенттер: ҚазҰУ-да оқитын бай-бағланның балалары қандай көлік мінеді?

Қалталы студенттер: ҚазҰУ-да оқитын бай-бағланның балалары қандай көлік мінеді?

Еліміздегі ең беделді жоғарғы оқу орындарының бірі — Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ел арасындағы «атышулы» автотұрағына NUR.KZ тілшісі барып қайтты.

Қалталы студенттер: ҚазҰУ-да оқитын бай-бағланның балалары қандай көлік мінеді?КАЗГУ АВТОТҰРАҒЫ. ФОТО: NUR.KZ

Байқағанымыздай, автотұрақ әдеттегі қарапайым емес, қымбат көліктерге толып тұр. Құны 9-10 миллионнан басталатын «Land Cruiser», «Nissan», «Range Rover», «BMW» сияқты көптің қолы жете бермейтін көліктер қаз-қатар тізілген.

Қалталы студенттер: ҚазҰУ-да оқитын бай-бағланның балалары қандай көлік мінеді?КАЗГУ АВТОТҰРАҒЫ. ФОТО: NUR.KZ

Тұрақтың күзетшісі көліктермен көбіне оқытушылардың емес, студенттердің сабаққа келетінін айтты. Осынша қымбат көліктердің басым көпшілігінің иесі оқу орнының студенттері екені анық байқалды. Кешке жақын сабақ уақыты аяқталған соң тұраққа студенттер қаптап келе бастады.

Қалталы студенттер: ҚазҰУ-да оқитын бай-бағланның балалары қандай көлік мінеді?КАЗГУ АВТОТҰРАҒЫ. ФОТО: NUR.KZ

Сабаққа жеке көлігімен келетіндердің көбісі — «Экономика және бизнес жоғарғы мектебі» мен «Заң» факультетінің студенттері. Мәселен, құны 9 млн болатын «Лексус» автокөлігінің иесі Алмас — экономика факультетінің 3 курс студенті.

Ол өзі айдап жүрген жеке автокөлігін осыдан 3 жыл бұрын әкесі екеуі бірге сатып алғанын айтты.

Қалталы студенттер: ҚазҰУ-да оқитын бай-бағланның балалары қандай көлік мінеді?КАЗГУ АВТОТҰРАҒЫ. ФОТО: NUR.KZ

Ал Заң факультетінің 3 курс студенті Акмаль — «BMW X5» автокөлігінің иесі, айтуынша көлік оған атасынан мұраға қалған. Жеке көлігінің тізгінін ұстағанына осымен үшінші жыл.

Қалталы студенттер: ҚазҰУ-да оқитын бай-бағланның балалары қандай көлік мінеді?КАЗГУ АВТОТҰРАҒЫ. ФОТО: NUR.KZ

Тұрақтағы су жаңа «Toyota» көлігінің жүргізушісі — заң факультетінің 1 курс студенті Жасұлан. Ол көлік айдауды бастағанына біраз болғанын атап өтті. Қазіргі автокөлігін өз сөзінде «жай ғана анамның сыйлығы», — деді.

Қалталы студенттер: ҚазҰУ-да оқитын бай-бағланның балалары қандай көлік мінеді?КАЗГУ АВТОТҰРАҒЫ. ФОТО: NUR.KZ

comments powered by HyperComments