Домой Новости Алматыда жанармай құю бекетінің цистерналарына вагон аударылып түсті (видео)

Алматыда жанармай құю бекетінің цистерналарына вагон аударылып түсті (видео)

Алматыда жанармай құю бекетінің цистерналарына вагон аударылып кетті. Бұл туралы NUR.KZ порталы оқиға куәгерлеріне сілтеме жасап хабарлайды.

Алматыда жанармай құю бекетінің цистерналарына вагон аударылып түсті (видео)

Оқыс жағдай Бөкейханов көшесінде, Рысқұлов пен Райымбек даңғылының қиылысында болған.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, жүк тиелген вагон инерцияның күшімен тізбектен үзіліп кетіп, алдындағы бос вагонды аударып түсірген.

Вагон дәл «Гелиостың» цистерналарына аударылыпты. Оқиға орнына жедел әрекет ету қызметі келіп жетті. Көшеде кептеліс пайда болған.

comments powered by HyperComments