Домой Новости Алматыда достарымен бәстескен тараздық жігіт көшедегі қызға тап беріп, тонап кетті

Алматыда достарымен бәстескен тараздық жігіт көшедегі қызға тап беріп, тонап кетті

Алматыдағы «Қазақстан» қонақүйінің маңында достарымен бәстескен жігіт көшедегі орындықта отырған қызды пышақпен қорқытып, тонап кеткен деп хабарлайды Patrul.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Алматыда достарымен бәстескен тараздық жігіт көшедегі қызға тап беріп, тонап кеттіФОТО PATRUL.KZ

Оқиға кешкі уақытта болған. «Көктөбеге» барып, демалып қайтуды ұйғарған екі бойжеткен үшінші құрбысын күтіп отырғанда белгісіз жігіт келіп, қыздардың біреуінің аяғына пышақ тақаған күйі сөмкесін беруді талап етеді. 

Ұрлықшы бірнеше минуттан кейін Луганский мен Байтасов көшелерінің қиылысында тәртіп сақшыларының қолына түскен.

Алматыда достарымен бәстескен тараздық жігіт көшедегі қызға тап беріп, тонап кетті

Оның қолында телефон, сөмке және қалта пышағы болған.

Жәбірленуші болған жайтты полиция қызметкерлеріне баяндап береді.

«Мен оның артынан жүгіріп, «Сөмкені ала бер, телефонды қайтар» деп айқайладым. Қолында пышағы бар ол «Жақындама», деп, ары қарай жайбарақат кете берді. Мен қаттырақ айқайлай бастап едім, ол қашып кетті», – дейді бойжеткен.

Алматыда достарымен бәстескен тараздық жігіт көшедегі қызға тап беріп, тонап кетті

Оның айтуынша, сөмкеде телефоннан бөлек ақша, бояу жіне басқа да заттар болыпты.

Тараздан келген жас жігіт достарымен жасаған бәстің шартын орындау үшін осындай қадамға барғанын айтты.

Алматыда достарымен бәстескен тараздық жігіт көшедегі қызға тап беріп, тонап кетті

«Біз жігіттермен бәстестік: «Қолыңнан келе ме, жоқ па» деді. Мен «келеді» дедім де, қыздардан сөмкесін беруді сұрадым. Болды », – дейді күдікті.

Алматыда достарымен бәстескен тараздық жігіт көшедегі қызға тап беріп, тонап кетті
comments powered by HyperComments