Домой Новости Алматы облысында әскерге кеткеніне небәрі үш күн болған жігіт үйіне табытпен оралды...

Алматы облысында әскерге кеткеніне небәрі үш күн болған жігіт үйіне табытпен оралды (фото)\

Алматы облысында әскери борышын бар жоғы үш күн өтеген сарбаз аяқ-асты қаза болды. Нұржігіт Бөрібайдың туыстары әскерге дені сау баланы жіберіп, табытпен алып қайттық деп әскерилерге наразылық білдіріп отыр деп хабарлайды 31 арна.

Алматы облысында әскерге кеткеніне небәрі үш күн болған жігіт үйіне табытпен оралды (фото)НҰРЖІГІТ БӨРІБАЙ. СКРИНШОТ 31 АРНА

«Өтті міне үш сағаттай үш жылым. Келмеске кеткен мен үшін бұл күн — ұлы күн!» — деп, қуанышы қойнына симаған Нұржігіт Бөрібай оқу бітіргені туралы әлеуметтік желіде бөліскен еді. Алайда араға төрт ай салып туған-туыстары оның денесін мәйітханадан алып кетті. Нұржігіт колледжді бітірген соң әскери борышын өтеуге ниет танытады. Осылайша, Боралдай елді-мекеніндегі №03825 әскери бөлімінде қатардағы сарбаз атанады. Бірақ, небәрі үш-ақ күн сарбаз болады.

«Кінәлі адамдар жазасын алуы тиіс. Біз бұлай қалдырмаймыз. Үмітімізді арқалап, оқытып, осы бауырымызды әскерге жіберіп, өлтіріп алып отырмыз, шыны керек», — дейді ағасы Ілияс Әуелбеков.

Нұржігіттің туған-туыстарының айтуынша, ол оқу-жаттығуда кенеттен өзін жайсыз сезінген. Қан қысымы түсіп, тілін жұтып қоя жаздаған сарбазға ем-дом жасалған, ал 3-4 сағаттан кейін қайтып сабаққа жіберген. Бірақ екінші рет жаттығуға барғанда Нұржігіт мүлдем есінен танып қалған.

Алматы облысында әскерге кеткеніне небәрі үш күн болған жігіт үйіне табытпен оралды (фото)НҰРЖІГІТ БӨРІБАЙ. СКРИНШОТ 31 АРНА

«Бұл жерде барлық кінә, дәрігер тірлігін дұрыс істемегенде, екінші рет ротасына барып қоспағанда арамызда болар еді бауырымыз», — дейді ағасы Ғабит Боранбай.

Сарбаз өліміне қатысты Қорғаныс министрлігі, әскери полиция мен Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу департаментінің мамандарынан құралған арнайы комиссия құрылды.

Сарбаздың қайтыс болу себебінің алдын ала диагнозы қойылды. Толық панкрионекроз. Ол ұйқы безінің өліеттенуі. Бұл өте сирек кездесетін ауру. Бірақ нақты қайтыс болу себебі екі аптадан кейін ғана белгілі болады.

Жұмбақ жағдайда қайтыс болған сарбаздың денесін туған-туыстары Оңтүстік Қазақстан облысына алып кетті. Ал бүгін сарбаздың денесі туған ауылы Қызылдиқанда жер қойнауына тапсырылады.

comments powered by HyperComments