Домой Новости Алматы автобустарының біріндегі жанжалдан кейін бойжеткеннің жағдайы нашарлап кетті (фото, видео)

Алматы автобустарының біріндегі жанжалдан кейін бойжеткеннің жағдайы нашарлап кетті (фото, видео)

NUR.KZ оқырманы WhatsApp +7 771 718 15 57 нөміріне Алматыдағы автобустардың бірінде болған жанжалдың видеосын жолдады.

Алматы автобустарының біріндегі жанжалдан кейін бойжеткеннің жағдайы нашарлап кетті (фото, видео)БОЙЖЕТКЕНГЕ БЕЙТАНЫС АЗАМАТ КӨМЕКТЕСУДЕ. ФОТО: NUR.KZ

«38 автобуста Әл-Фараби даңғылымен келе жаттым. Автобус жүргізушісі аялдамада тосып тұрған жолаушыларға тоқтамастан кетіп қалды. Жолаушылар автобустың соңынан шалшық суды кешіп, бекерге жүгірді. Автобустағы жолаушылардың бірі жүргізушінің бұл құлығына ашуланып, шу шығарды», — деп болған жайтты баяндады куәгер.

Алматы автобустарының біріндегі жанжалдан кейін бойжеткеннің жағдайы нашарлап кетті (фото, видео)ЖАНЖАЛҒА ШАМАМЕН ОН АДАМ ҚАТЫСҚАН

«Автобус жүргізушісі бұл әрекетін артында келе жатқан тағы үш автобусты байқағанымен түсіндірді. Жүргізуші осылайша әріптестеріне жолаушыларды бөліп бермек болған көрінеді.

Алматы автобустарының біріндегі жанжалдан кейін бойжеткеннің жағдайы нашарлап кетті (фото, видео)КОНДУКТОР ВИДЕО АВТОРЫНАН ТЕЛЕФОНЫН ТАРТЫП АЛМАҚ БОЛҒАН

Нәтижесінде автобус ішінде жанжал туып, жүргізушінің әрекетін жақтағандар мен даттағандар айқайға басты.

Алматы автобустарының біріндегі жанжалдан кейін бойжеткеннің жағдайы нашарлап кетті (фото, видео)АВТОБУС ІШІ

Ақай-шу тек автобус ішіндегі бойжеткеннің жағдайы нашарлап кеткеннен кейін тоқтады. Жолаушылар бойжеткенге жабыла көмектесіп, жедел жәрдем шақыртқан.

Жүргізушіге дауыс көтерген әйел мен екі жігіт бойжеткенмен аялдамаға шығып, дәрігерлер келгенше оның қасында болды. Жігіттердің бірі, тіпті бойжеткенге өз күртешесін шешіп берді. Әрі қарай не болғанын білмедім», — дейді видео авторы.

Алматы автобустарының біріндегі жанжалдан кейін бойжеткеннің жағдайы нашарлап кетті (фото, видео)БОЙЖЕТКЕННІҢ ЖАҒДАЙЫ НАШАРЛАҒАННАН КЕЙІН ЖАНЖАЛ ТОҚТАП ҚАЛДЫ

Тағы оқыңыздар:

comments powered by HyperComments