Домой Новости Қайрат Түнтеков шоу-бизнесте өзара бөлінетін әріптестеріне өкпесін айтты

Қайрат Түнтеков шоу-бизнесте өзара бөлінетін әріптестеріне өкпесін айтты

Бірнеше жыл үзілістен кейін сахнаға қайта оралған Қайрат Түнтеков Астана арнасындағы «Ел аузында» бағдарламасына берген сұхбатында шоу — бизнестен жырақ жүрсе де, сырттай бәрін бақылап жүргенін айтты. Әнші отандық өнер әлеміндегі әріптестерінің орыс тілді және қазақ тілді орта болып бөлінетініне көңілі толмайтынын жеткізді.

Қайрат Түнтеков шоу-бизнесте өзара бөлінетін әріптестеріне өкпесін айттыҚАЙРАТ ТҮНТЕКОВ. ФОТО: ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНЕН.

«Бір ұнамайтыны бізде бөлінетіндер бар. Орысша сөйлейтіндер бірге қосылып кетеді, қазақша сөйлеп, қазақша ән айтатындар басқа бір «банда». Ата -бабамыз тастап кеткен жеріміз үлкен болғанымен, халқымыз аз. Онда бірнеше ұлт бар, неге бәріне бірікпеске?!»,- деді Қайрат.

Түнтеков соңғы екі жылда әншілердің күрт көбейіп кеткенін де жасырмады.

«Өнерде жүрмесем де, шетінен бақылап отырамын ғой. Ән айта алатыны да бар, айта алмайтыны да бар. Енді ренжімесін, осыдан кейін мені жек көріп кететіндер де бар шығар. Бізде той бизнес қалған, ол әзірше өзгере қоймайды -ау. Жаңадан шығып жатқан әншілер той арқылы отбасыларын асырап, нан тауып жатыр»,- деді ол.

Осы уақытқа дейін БАҚ өкілдері мен көгілдір экраннан көрінбеген әртіс өнер мектебін ашып, бизнес саласына бет бұрмаған. Ол өзінің жеке футбол командасын құрған.

comments powered by HyperComments