Домой Новости Қайрат Нұртас өзін қарақалпақ дегендерге жауап берді

Қайрат Нұртас өзін қарақалпақ дегендерге жауап берді

Қайрат Нұртастың туған жеріне қатысты ел арасында алып — қашпа әңгімелер жиі тарап жатады. Кейбір тыңдарман әншінің отбасы мен жары қарақалпақ ұлтынан деп ойлайды. Аталған болжамға Gakku арнасының «Follow Wars» бағдарламасында жауап берген әнші өзінің Қарақалпақстанға қатысы жоқ екенін айтты.

Қайрат Нұртас өзін қарақалпақ дегендерге жауап бердіҚАЙРАТ НҰРТАС. СКРИНШОТ: ВИДЕОДАН

«Руым  — Жауғашты, Қоңыратпын. Түркістан қаласында 1989 жылы дүниеге келгем. Ешқандай да қарақалпақтарға қатысым жоқ, ағайын. Не дегенмен қарақалпақ та адам. Сондықтан жаман ел болмайды, жаман адам болады, бауырым. Сіз олай қатты дөрекі сөйлемеңіз! Құдай бар дегендей, мен қарақалпақ емеспін. Мен таза қазақпын немесе кәріспін»,- деп әзілмен аяқтады ол сөзін.

Желі оқырмандары Қайраттың шынайылығына сүйсініп, мұндай болжамды оны көре алмайтындардың шығарып жүргенін жазды.

comments powered by HyperComments