Домой Новости Айқын мен Жұлдыз ұлды болғандарын мойындауға мәжбүр болды (фото, видео)

Айқын мен Жұлдыз ұлды болғандарын мойындауға мәжбүр болды (фото, видео)

Айқын мен Жұлдыз Өмірғали осы уақытқа дейін отбасын құрып, ұлды  болғандарын жасырып келген. Бірақ жуырда қос әнші де желідегіпарақшаларында сәбилі екендерін мойындап қойды.

Жұлдыз парақшасына сәбиіне арналған бесігінің суретін жүктеп қойса, Айқын ерлер дүкенінде ер баланың киімдерін алғанын жазып, тіпті видеосын да жүктеп қойған.

Айқын мен Жұлдыз ұлды болғандарын мойындауға мәжбүр болды (фото, видео)ЖҰЛДЫ ӨМІРҒАЛИДЫҢ ПАРАҚШАСЫНДА ЖАРИЯЛАНҒАН БЕСІК. СКРИНШОТ: INSTAGRAM

Видеоны көрген желі қолданушылары Айқынға әке болғанын амалсыз мойындағанын айтып, әзіл — шыны аралас түрлі пікірлер қалдырып жатты.

«Жұлдыз екеуіңнің ұлдарыңа алып жатсың ба?», «Ақыры мойындадыңыз ба? Қай әйеліңізбен жүрсіз?», «Жұлдыз неге өзі таңдамайды?», «Қамқор әке! Кімге алса да не шаруаларыңыз бар, бастысы балаларыңыз аман болсын!»,- деп жазды желі қолданушылары.

Еске салсақ, бұған дейін Жұлдыз Өмірғалидың қыз ұзату тойының видеосы әлеуметтік желіде тарап кеткен. Онда қалыңдықты үйінен Айқын алып бара жатқаны анық көрінеді. Бірақ қос жұлдыз да ресми түрде шаңырақ көтеріп, ұлды болғандарын мәлімдемеді.

comments powered by HyperComments