Домой Новости Ақышев Qazkom-ның банкрот болғаны жайлы алып-қашпа әңгімеге түсініктеме берді

Ақышев Qazkom-ның банкрот болғаны жайлы алып-қашпа әңгімеге түсініктеме берді

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Qazkom банкінің банкротқа ұшырағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ақышев Qazkom-ның банкрот болғаны жайлы алып-қашпа әңгімеге түсініктеме бердіДАНИЯР АҚЫШЕВ. ФОТО: MATRITCA.KZ

«Qazkom бойынша бірнеше рет банк банкротқа ұшырады деген сықылды алып-қашпа әңгіме тарады. Бұл шындыққа сәйкес келмейді«, — деді Ақышев үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне.

Ұлттық банк төрағасы биыл жазда банкті сауықтыру бойынша мәміле жасалғанын еске салып өтті.

«Банк қазір толықтай барлық пруденциалдық нормативтерді орындап жатыр. Банк төлем қабілеттілігінің қажетті қорын қамтамасыз етуде. Проблемалық портфельді акционерлер мен банк менеджменті мақұлдады. Сондықтан бұл жағдайда Qazkom тұрақты институт және айтарлықтай тартымды болып табылады», — деді төраға.

Банктің тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігі бойынша алаңдауға еш негіз жоқ, деп түйді сөзін Ақышев.

comments powered by HyperComments