Домой Новости Ақтөбеде «Нұр Отанның» кеңесіне келгендер Сапарбаевтың алдында ұйықтап қалды (фото)

Ақтөбеде «Нұр Отанның» кеңесіне келгендер Сапарбаевтың алдында ұйықтап қалды (фото)

Ақтөбеде облыстық «Нұр Отан» партиясында саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиында сөз алған облыстық мәслихат депутаты жетекке ғана ілесіп жүрген кадрларды сынға алды. Депутат билік партиясындағы кадрлардың жетектегі тазының қоян да ала алмайтын жағдайымен түсіндірді деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбеде «Нұр Отанның» кеңесіне келгендер Сапарбаевтың алдында ұйықтап қалды (фото)ФОТО: NUR.KZ

«Идеялар бар, идея бар, тек оларды алып кететін бізде әлі де болса кадр тапшылығы бар. Ақтөбеде соңғы жеті жылда облыстағы партия филиалын басқаруға алтыншы адам келді. Бердібек Машбекұлы, кадрлар қайда дейсіз, кадрлар бар. Кеше елбасымыз да айтып жатыр. Жастың келгені жақсы. Бірақ, жетектеп жүрген тазы қоян алмайды. Мәселеге әрі қарай апарып, оған кеңес беретін, көргені-білгені бар және осы жүйеде жасаған кадрлар әлі ден болса аз», — деді облыстық мәслихат депутаты Амангелді Есіркепов.

Кемшіліктердің әлі де жеткілікті екенін айтқан Ақтөбе облысының басшысы халықпен кездесулерді көбейту керектігін тапсырды.

«Барлық жасалып жатқан жұмыстарды баспасөзден білесіздер. Әрине, кемшіліктер жеткілікті. Негізгі біздің міндетіміз –мемлекет басшысы берген тапсырмаларды толығымен орындауымыз керек. Біз неғұрлым халықпен көбірек кездессек жағдай жақсы болады. Әсіресе, жас бастықтарға, жас партия мүшелеріне ұят. Біздің 30-40 жас аралығындағы жас бастықтар кабинеттен шыққылары келмейді», — деді облыс басшысы Бердібек Сапарбаев.

Жиынға өңірдегі басқарма басшылары, аудан әкімдері және жауапты қызметтегі мамандар шақырылған. Баяндамалардан шаршаған жас мамандар жиын кезінде ұйықтап отырды.

Ақтөбеде «Нұр Отанның» кеңесіне келгендер Сапарбаевтың алдында ұйықтап қалды (фото)ФОТО: NUR.KZ

Ақтөбеде «Нұр Отанның» кеңесіне келгендер Сапарбаевтың алдында ұйықтап қалды (фото)ФОТО: NUR.KZ

comments powered by HyperComments