Домой Новости Ақтөбеде қан тапсыру үшін кезекте тұрған қала әкімін қызметкерлер танымай қалған

Ақтөбеде қан тапсыру үшін кезекте тұрған қала әкімін қызметкерлер танымай қалған

Ақтөбедегі қан орталығынан көмек сұрап келетіндердің емес, керісінше қан тапсыруға келетіндер саны артып келеді. Олардың қатарында қала басшысы мен мекеме жетекшілері де бар болып шықты деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Ақтөбеде қан тапсыру үшін кезекте тұрған қала әкімін қызметкерлер танымай қалғанІЛИЯС ИСПАНОВ ФОТО: AKTOBENEWS.KZ

Биылдыққа қала әкімі Ілияс Испанов үшінші рет қан тапсырайын деп жүр екен. Кезекте билік партиясы филиалының басшысы Дариға Исмағамбетова мен жастар қанатының жетекшісі Асылжан Бүркіләлин де бар.

«Испанов қала әкімі болып тағайындалған бойда біздің орталыққа келген. Алайда, оны бірден тани қоймадық. Тіркеу бөліміндегі қызметкерлер қызметін сұраған кезде ғана оның әкім екенін білді», — деді облыстық қан орталығы директорының орынбасары Гүлсім Әбдірахманова.

Ал «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дариға Исмағамбетова бұрын жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы болып жүргенде-ақ қан тапсырып отырған.

Тұрақты донорлардың бірі — «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Асылжан Бүркіталин қараша айында ғана үш рет қан тапсырыпты.

comments powered by HyperComments