Домой Новости АҚШ шіркеулерінің бірінде 20 жастағы жігіт отызға жуық адамды қырып салды

АҚШ шіркеулерінің бірінде 20 жастағы жігіт отызға жуық адамды қырып салды

АҚШ-тың Техас штатындағы Сазерленд-Спрингс қаласында 20 адам оққа ұшып, 24-і жараланды. Оқиға баптистер шіркеуінде болған деп хабарлайды 24.kz.

АҚШ шіркеулерінің бірінде 20 жастағы жігіт отызға жуық адамды қырып салдыОҚИҒА ОРНЫНАН. ФОТО: ШЕТЕЛДІК БАҚ

Қаскөйдің өзі сол маңда көліктен өлі күйінде табылды. Оны жергілікті тұрғындардың бірі атқан болуы мүмкін. Оның кім екені және бұл қадамға не үшін барғаны әзірге анықталған жоқ.

Белгілісі — ақ нәсілді, 25 жас шамасындағы ер адам. Куәгерлердің айтуынша, қаскөй мылтығын қайта-қайта оқтап, шіркеуге келгендерге бірнеше мәрте оқ атқан.

Бұл оқиға туралы Азия елдерінде сапарда жүрген АҚШ президенті Дональд Трамп Twitter-дегі парақшасында: «Техастағы Сазерленд-Спрингстегі адамдарға құдай жар болсын», — деп жазды.

Шіркеу маңы қазір қоршауға алынған.

comments powered by HyperComments