Домой Новости Ағасымен ойнап жүрген алматылық екі жасар бала аңшы мылтығынан жарақаттанды

Ағасымен ойнап жүрген алматылық екі жасар бала аңшы мылтығынан жарақаттанды

Алматы облысының полициясы екі жасар баланың оқ жарақатын алу фактісін тергеп жатыр деп хабарлайды өңірдің ІІД баспасөз қызметі.

Ағасымен ойнап жүрген алматылық екі жасар бала аңшы мылтығынан жарақаттандыКӨРНЕКІ ФОТО: VERGE.ZP.UA

23 қазан күні Мыңбаев ауылындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде екі жасар бала алты жастағы ағасымен бірге ойнап жүріп, оқ жарақатын алғаны белгілі болды.

Полицияға ақпарат Алматы дәрігерлері хабарлағаннан кейін ғана түскен. Олардың айтуынша, бала қолын тегіс ұңғылы аңшылар мылтығынан жарақаттаған.

Балалар мен олардың ата-анасы – Алматы тұрғындары, олар ауылдағы туыстарына қонаққа барған.

Құқық қорғаушылар оқ тіркелмеген 12-ші калибрлі қарудан атылғанын анықтады. Мылтық зардап шеккен баланың немере ағасы, 47 жастағы ауыл тұрғынының үйінен табылған.

«Үй иесі қаруды ауылдың шетінен тауып алғанын айтты. Қазір оның сөзі тексеріліп жатыр. Қылмыстық кодекстің 114-бабы 3- бөлімі (Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қару тәркіленіп, қажетті сараптамалар тағайындалды», — деп хабарлады Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі.

comments powered by HyperComments