Домой Новости

Синоптиктер 4-6 қараша аралығында Қазақстанның барлық аумағында күн суытатынын айтты. «Қазгидромет» РМК ақпаратынша, алдағы күндері ауа райы жауын-шашынды болып, ауа температурасы төмендейді.

Демалыс күндері ауа райы жауын-шашынды болып, жаңбырдың соңы қарға ұласадыКӨРНЕКІ ФОТО

«Қазақстандағы жылы ауа райына әсер еткен оңтүстік-батыс тропосфералық ағындары ақырындап батысқа, кейін солтүстік-батысқа ығысады. Солтүстік облыстарда айтарлықтай жауын-шашын әкелген оңтүстік жылы циклоны Батыс Сібірдің оңтүстігіне қарай жылжиды.

Бірақ республиканың шығыс және оңтүстік-шығысында осы циклонның суық ағындарының әсерінен алдағы күндері ауа райы жауын-шашынды болады, жаңбырдың соңы қарға ұласады. Антициклоннан кейін ығысатын циклонреспубликаның бүкіл аумағына суық әкеледі», — делінген хабарламада.

comments powered by HyperComments