Домой Новости Жеңіліп көрмеген қазақ боксшысы қарсыласын екінші минутта нокаутқа жіберді

Жеңіліп көрмеген қазақ боксшысы қарсыласын екінші минутта нокаутқа жіберді

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев Монреальда өткен бокс кешінде бірінші орта салмақта кездесу өткізіп, қарсыласын 64-ші секундта нокаутқа түсірді, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Жеңіліп көрмеген қазақ боксшысы қарсыласын екінші минутта нокаутқа жібердіБАТЫР ЖҮКЕМБАЕВ. ФОТО: VESTI.KZ

Басты жекпе-жегі жергілікті боксшылар Ив Юлисс (14-0, 9КО) пен Стив Кладжеттің (25-4-1, 17КО) кездесуі болған бокс кешінің андеркартында Жүкембаев Хосе Эмилио Переаны жеңді.

Осылайша, қазақстандық боксшы кәсіпқой бокстағы 10 жекпе-жегіндегі 10-шы жеңісіне қол жеткізіп отыр, оның тоғызын нокаутпен жеңген. Ал Переа осымен тоғызыншы рет жеңіліп отыр, ал жеңіс саны — 24 (15-і нокаутпен).

comments powered by HyperComments