Домой Новости Өз әнінің сөзін ұмытып қалған Төреғали Төреәлі журналистер алдында ұятқа қалды

Өз әнінің сөзін ұмытып қалған Төреғали Төреәлі журналистер алдында ұятқа қалды

Төреғали Төреәлі журналистермен кездесу кезінде өз әндерінің сөзінің мағыналы екенін айтып мақтанып отырып, репертуарындағы «Біртүрлі қыз» әнінің сөзін ұмытып қалды деп хабарлайды NUR.KZ. 

«Маған «Біртүрлі қыз» әніне шетелден көп видеолар келеді. Әуені соларға келетіндіктен шығар, бәлкім?! Бірақ оның әнін Есен Жүсіп деген бауырымыз жазған.  Көбінесе ондай жеңіл әндерге жолай бермеймін, репутациямды құртып аламын ба деп қорқамын. Қай кезде мен ондай әндерге барамын? Өлеңін Қайнар жазған кезде. Өйткені оның әнін алып тастаған кезде, өлеңі оқыла береді.

Мысалы, «Мен сәлем деп едім, Сен қалай деп жүрсің…Мен сағынып едім…» Қалай еді сөзі?«, — деген Төреғали Төреәлі аталған әнін әуенімен айтып көрмек болды.

«Мен жақсы көріп ем, сен сағындырасың…» ары қарай тағы да үнсіздік.  БАҚ өкілдерінің алдында отырған Ұлы дала баласы осылайша «Біртүрлі қыз» әнінің сөзін әуенімен де есіне түсіре алмады.

Бастысы әндерімнің сөзі мағыналы деген ол «музыкалық өсу» дегеннің не екенін түсінбейтіндігін айтты.

«Өлеңді оқығанда оттап тұрған жоқ. Мен сіздерге жүз пайыз жақсы өлеңдерімді ұсынамын, оған кепілдік бере аламын. Әндерім деп айтпаймын, бірақ мағынасыз өлең жоқ. Арасында басқа ақындар жазған әндер бар шығар. Ал музыкалық жағынан даму дегенді қатты түсінбеймін. Өз шеңберімнен шыққан жоқпын әлі»,- деді әртіс.

comments powered by HyperComments