Домой Новости Туған ұлын зорлаған мектеп директоры сот алдында жауап берді

Туған ұлын зорлаған мектеп директоры сот алдында жауап берді

Алматы облысында өз туған ұлын зорлады деп күдіктелген мектеп директорына қатысты сот ісі басталды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Туған ұлын зорлаған мектеп директоры сот алдында жауап бердіИЛЛЮСТРАТИВТІ ФОТО: WWENEWS.RU

Сот процесі жабық түрде өтіп жатыр. Күдіктіге  қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылған: Сексуалды сипаттағы зорлық әрекеттері мен жәбір көрсетушілік.

Соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, сексуалды сипаттағы зорлық тамыз айында анықталды.

Баланың анасы ұлын үлкен дәреті дұрыс болмағандықтан дәрігерлерге көрсеткен. Медбикелердің айтуынша, мұндай жағдай тек жыныстық қатынас кезінде ғана пайда болуы мүмкін. Күйеуінен күдіктенген баланың шешесі тез арада полицияға хабарласқан.

Қамауға түскенге дейін күдікті Еңбекшіқазақ ауданындағы ауыл мектептерінің бірінде директор болып жұмыс істеген екен.

comments powered by HyperComments