Домой Новости «ЦОН»-дағы шуға байланысты басқарма төрағасы кешірім сұрап, мәлімдеме жасады

«ЦОН»-дағы шуға байланысты басқарма төрағасы кешірім сұрап, мәлімдеме жасады

Халыққа қызмет көрсету орталығындағы шуға байланысты басқарма төрағасы кешірім сұрап мәлімдеме жасады деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі.

«Достар, расымен де әлеуметтік желідегі шулы жазбаның авторы жайлы мәліметтерді (тұрғылықты мекен-жай және жылжымайтын мүлік туралы анықтаманы) Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері бөтен біреуге заңсыз бергені орын алды. Дәлірек айтсам ХҚКО мамандарының ешқандай сенімхатсыз консалтинг компаниясына құжат беруі үлкен заң бұзушылық. Осы қателікті жіберген қызметкер жұмысынан шығарылатын болады.

«Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» атынан Анна Димитриевичтен кешірім сұрай отырып, осындай заң бұзушылықты әшкерелегені үшін алғыс айтамыз. Қазір біз әріптестерімізбен ақылдасып, жеке тұлғаның құжатына бөтен біреудің қол сұқпауы үшін бақылауды күшейтуді ойластырып жатырмыз», — деп жазды Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов facebook  парақшасына.

comments powered by HyperComments