Домой Новости Тасмағамбетов Ресей мен Қазақстанның достығын мақалдатып жеткізді

Тасмағамбетов Ресей мен Қазақстанның достығын мақалдатып жеткізді

Мәскеу Мемлекеттік Халықаралық қатынастар институтында  Ресейдегі Қазақстан елшілігінің мұрындық болуымен «Қазақстан – Ресей: дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды.

Тасмағамбетов Ресей мен Қазақстанның достығын мақалдатып жеткіздіИМАНҒАЛИ ТАСМАҒАМБЕТОВ. ФОТО: KAZEMBASSY.RU

Бұл туралы елшіліктің ресми сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Жиынды бастаған Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетов екі мемлекеттің байланысы тереңде жатқанын, осы уақыт аралығында берік рухани негіз қалыптасып үлгергенін, ширек ғасыр аралығында Қазақстан мен Ресей арасында 300-ге таяу маңызы жоғары, серіктестікті нығайтатын екіжақты келісім жасалғанын ерекше атап өтті.

«Екіжақты байланыстың орнауы екі елдің мәселені шешуде қолданатын әрекет амалдарына байланысты. Өзге елдерде оң шешімін таппаған түйткілді мәселе Қазақстан мен Ресей арасында болған емес», – деді жиын барысында Иманғали Тасмағамбетов.

Осы ретте елші мырза «туысы жақын жақын емес, қонысы жақын жақын»  деген мақалды тілге тиек етті.

Аталған конференцияға қатысқан азаматтар Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығына жол ашатын көптеген факторлар бар екенін айтты. Бұл ортақ тарих, 7 мың км-ге ұзақтыққа созылатын ортақ шекара, ортақ тіл және ұқсас діл. Сондықтан тату көршілік пен тең құқықты ынтымақтастықтан басқа қандай да бір өзге саясат екі мемлекеттің түбірлі мүдделеріне қайшы келеді.

comments powered by HyperComments