Домой Новости Танымал әнші қара басының қамын ойлап, тоқал болатын қыздарды «опасыз жандарға» теңеді

Танымал әнші қара басының қамын ойлап, тоқал болатын қыздарды «опасыз жандарға» теңеді

Қазақ шоу-бизнесін тілге тиек етіп, аталған тақырып төңірегінде сыр тарқатпайтынын жандар бүгінде кемде-кем. Ел тұрғындарының дені қазақ эстарада жұлдыздарының өнерлеріне тәнті болып, олардың алдында бас иіп жатса, енді бірі, шоуды той-бизнеспен шатастырмау қажеттігін айтып, жұлдыздарға сыни пікірлерін жаудырып жатады. Өнер жолында өзіндік өрнек, дара жол сала білген майталман әнші Бағдат Сәмединова да елімізде мән-мағынасыз, сапасыз әндердің қаптап кеткеніне күйінеді.

«Зың-зың» сияқты дүниелер ән емес, еріккеннің ермегі деп айтар едім. Жалпы зың-зың деген сөз бар ма қазақта? Сосын, сол баяғы айтыла-айтыла жауыр болған фонограммамен ән салу деген бар. Осыдан бір-екі ай бұрын «Гәкку» телеарнасы өткізген концертте «атақты», «керемет» дегендердің әуендерін естіген шығарсыздар. Әншілер жарты тонға кетіп қалған бойда, сахнада ән шырқап тұрды. Бұдан «жасанды», «искусственный» әншілер көбейіп кетті деген қорытындыға келеміз», — деп өз пікірімен бөлісті танымал әнші.

Өнер майталманынан «көңіліңізден шығып жүрген, өнерлі, талантты жас әншілер бар ма» деп сұрағанымызда, әнші «ондай өнерлі жастардың жетіп артылатынын» алға тартты.

 «Талантты жастар толып жатыр. Әрқайсысы өз бетімен жұмыс істеп, еңбектеніп жатыр. Егер халықтың сүйіспенлішігіне бөленіп жатса, онда ол өздерінің қып-қызыл, адал еңбектерінің нәтижесі деп айтар едім. Бірақ, профессионалдық деңгейде өсіп келе жатқан өнерлі, талантты жастар да бар. Мысалы, Қайрат Нұртасты өте еңбекқор әнші деп айтар едім. Айтайын дегенім, екінің бірі ол сияқты күні-түні еңбектене алмайды. Қайрат тыңдармандарын жаңа репертуар, жаңа образдарымен қуантып жатады, үнемі ізденіс үстінде жүреді. Сол сияқты Ерке Есмаханның әндері де қазір көпшіліктің көңілінен шығып жүр. Сондықтан, жастарды біреуі мынадай, енді бірі мынадай деп бөліп жарғым келмейді», — дейді әнші.

Сондай-ақ, өнер иесі көпшілік арасында жиі көтеріліп жүрген «тоқал алу» мәселесіне қатысты да өз пікірін білдірді.

«Жалпы мен «тоқалдыққа» қарсымын. Әсіресе, жас қыздарға не жоқ? Егер жолдасымен ажырасып кеткен немесе күйеуі өмірден өткен әйелдер екінші рет тұрмысқа шығып, отбасын құрып жатса, онда бұл жағдайда тоқалдықтың еш сөкеті, айыбы жоқ. Керісінше, мұндай жайттарды құптар едім. Өйткені, балаларының қамқоршысы, өзінің арқа сүйер азаматы болатын еді ғой. Ал уыздай жап-жас қыздар 60-тағы шалға барып тиіп жатса, онда әрине, ондай аруларды өзінің қара басының қамын ғана ойлайтын, тәрбиесіз, опасыз жандар дейтін едім. Ондай қыздар ешкімге бақыт әкелмейді», — деп сөзін түйіндеді танымал әнші.

comments powered by HyperComments