Домой Новости Түрлі затты жұтуға әуес жігіттің асқазанынан 600 шеге шықты

Түрлі затты жұтуға әуес жігіттің асқазанынан 600 шеге шықты

Үндістанда оташылар науқастың асқазанынан 600 шеге алып шықты. Бұл туралы NUR.KZ порталы news.day.az сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Түрлі затты жұтуға әуес жігіттің асқазанынан 600 шеге шықтыШЕГЕ. КӨРНЕКІ ФОТО: XLOM.RU

Калькуттадағы оташы Сиддхартха Бисвастың айтуынша, жігіттің асқазаны ұзындығы екі сантиметрге жететін 600 шегеге толы болған. Дәрігерлер шегелерді шығару үшін бір тәулік бойы ота жасап, магниттің көмегіне жүгінген.

«Ол психикалық ауытқушылыққа душар болған және түрлі заттарды жұтқанды ұнатады. Алайда оның ішінен 600 шеге шығатынын ешкім күтпеді», — дейді науқастың туысы.

Жігіт асқазаны ауыра бастағанда, дәрігерлерге шағымданған. Ақ халаттылар жігіттің асқазанындағы шегелерді көргенде өз көздеріне сене алмапты.

comments powered by HyperComments