Домой Новости Түркияда жеңгетайлар қазақ қыздарын мәжбүрлеп жезөкшелікке салған

Түркияда жеңгетайлар қазақ қыздарын мәжбүрлеп жезөкшелікке салған

Түркияда қазақ қыздарын жезөкшелікке мәжбүрлеген жеңгетайлар ұсталды. Олар тек Қазақстан емес, бүкіл ТМД елдерінен жас қыздарды жинап, түріктердің қойнына салып берумен айналысқан деп хабарлайды КТК арнасы.

Қылмыстық топтың құрбаны болғандар арасында екі отандасымыз бар. Қалғаны Қырғызстан, Украина, Молдова мен Грузиядан барған бойжеткендер. Жеңгетайлар қыз саудасын Анталья қаласындағы үйлердің бірінде қыздырған.

Ал бұл туралы полицияға көршілері хабар беріпті. Сөйтіп, олардың қылмысы арнайы рейд барысында ашылды. Шетелдік қыздарды тәнін сатуға итермелеген — төрт адамнан тұратын топ. Олардың бірі Украина азаматы.

 Жеңгетайлар Түркияға кілең жағдайы төмен, ақшаға мұқтаж қыздарды апарған. Әрі оларға жоғары жалақы уәде етіпті. Жезөкшелікпен айналысқандар арасында кәмелетке толмағандар да бар. Жат елде жеңіл жүріске түскен сегіз қыз бірден өз отанына қайтарылды.

Ал екеуі күдікті ретінде жергілікті полицияға жауап бергеннен кейін ғана босатылды.

comments powered by HyperComments