Домой Новости Шымкентте жаппай төбелескен жастар алты адамды пышақтап тастады

Шымкентте жаппай төбелескен жастар алты адамды пышақтап тастады

Шымкентте алты бірдей азамат пышақ жарақатымен ауруханаға түсті. Оқиға 27 қазан күні кешкі сағат 8 шамасында орын алған деп хабарлайды ТВК арнасы.

Шымкентте жаппай төбелескен жастар алты адамды пышақтап тастадыФОТО: SPUTNIK/ТАБЫЛДЫ КАДЫРБЕКОВ

22 және 33 жас аралығындағы жігіттердің арасында жанжал туындаған Кейін ортақ мәмілеге келе алмаған тараптар төбелесе кеткен. Олар мәселені түбегейлі шешу үшін бірін-бірі пышақтаудан тайынбапты. Сөйтіп, жаппай жарақат алып, шұғыл ауруханаға жеткізілген.

«Бірінші науқастың екі өкпесіне пышақ тиген. Оған шұғыл ота жасалып, өкпесінің тесілген жерлері тігілген. Ал екінші науқас жүрек тұсынан жарақат алған. Оныңде екі өкпесіне зақым келген. Оғанда шұғыл ота жасалды», — дейді Шымкент қалалық ЖЖА қабылдау бөлімінің меңгерушісі Сәбит Байбосынов.

Тағы бір науқас ішінен ауыр жараланған. Оғанда ота жасалып, қазір тиісті емін алуда.

Ал жеңіл жарақаттанған үш науқас, алғашты медициналық көмек көрсетілгеннен кейін, үйлеріне жіберілген.

comments powered by HyperComments