Домой Новости Шымкент әкімі автобуспен жүргенде, Ақтөбе әкімі атқа отырды

Шымкент әкімі автобуспен жүргенде, Ақтөбе әкімі атқа отырды

Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов әкімдік қызметкерлерін жаппай қоғамдық көлікке отырғызып, өзі де автобусқа отырған болатын. Ал Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов болса автобусты қойып, жуырда атқа отырды деп жазады Aktobenews.kz.

Шымкент әкімі автобуспен жүргенде, Ақтөбе әкімі атқа отырдыАҚТӨБЕ ӘКІМІ, ФОТО: AKTOBENEWS.KZ

«Пиарға арнайы уақыт бөлмеймін. Шын айтамын. Рас, кейде бір мәселеге назар аудару керек болғанда, пиарға жүгінудің артықтығы жоқ. Өйткені, ондай шара кейін тиімділігін көрсетеді. Мәселен, таяуда Испанов атқа мінді, кезекті пиары деп жатты. Ол жерде мен Ақтөбедегі ат спортына жағдай жасалғанын көрсеткім келді», — дейді қала басшысы.

Әкім өзінін сыртынан сөз еріп жүргенін де жайып салды. Облыста ат спортына жағдай жасалмағанын айтып хат та жазылып жатқан көрінеді.

«Өз басым атқа мінуге уақыт таппаймын. Бірақ, ипподромның айналасында шешімін табуы тиіс мәселелер бар екенін білемін. Су тарту керек, жарық жоқ. Техникалық жағынан жағдай жасалмаса, адамдар қызықпайды. Қызығушылық болмаған соң, ол жерге адам бармайды. Шыны керек, көпшілік Ақтөбеде ипподром барын да білмейді екен», — деді қала әкімі.

Ілияс Испанов ат спортына қатысты жарнаманың жоқтығын алға тартты. Атқа отыруы да сол олқылықтың орнын толтыруға жасалған қадам екенін жеткізді.

 

comments powered by HyperComments