Домой Новости Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қызметінен кетті

Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қызметінен кетті

Көп сөзімен ел ішінде танымал болған Шымкент əкімі Ғабидолла Əбдірахымов қызметінен кетті. Бұрынғы шенеунік «Нұр Отан» партиясының хатшысы болып тағайындалды деп хабарлайды NUR.KZ.

Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қызметінен кеттіҒАБИДОЛЛА ӘБДІРАХЫМОВ

Ол өзінің құдасы, яғни туған бажасы Асқар Тұрысбековтің əкесі Зауытбек Тұрысбековтің орнына барды. Яғни Əбдірахымов енді «Нұр Отан» партиясының хатшылық қызметін атқарады.

Ал бұған дейін партияның хатшысы болған Зауытбек Тұрысбеков жаңа Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары болып, тағайындалды.

Айта кетейік, Ғабидолла Әбдірахымов 1975 жылы 23 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында дүниеге келді. Экономист және мемлекеттік әкімшіліктік басқару мамандықтары бойынша жоғары білім алған.

Қазақ, орыс, неміс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген бұрынғы шенеунік Германияда білім алып келгеннен кейін түрлі қызметтер атқарған.

Атап айтқанда, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы, Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы, премьер-министр кеңсесінің жетекшісі, президент әкімшілігі басшысының орынбасары болды.

Ал 2015 жылдың 19 тамызынан бүгінгі күнге дейін Шымкент шаһарын басқарып келді.

comments powered by HyperComments