Домой Новости Сара Назарбаева ұзақ үзілістен кейін ел алдына шықты (фото)

Сара Назарбаева ұзақ үзілістен кейін ел алдына шықты (фото)

Алматыда рухани-адамгершілік даму мәселелеріне арналған халықаралық педагогикалық форум өз жұмысын бастады. Жиынға «Өзін-өзі тану» пәнінің негізін қалаушы Сара Назарбаева форумға арнайы келіп, «Бөбек» қорын 20 жыл толуымен құттықтады деп хабарлайды Алматы арнасы.

«Біздің алдымызда өскелең ұрпақты шынайылыққа, мейірімділік пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу миссиясы тұр. Барлығыңызды адам құндылықтарын басты бағыт еткен – «Өзін-өзі» тану ілімінің 20 жылдығымен құттықтаймын. Адамгершілікке баулып, мейірімділік жасауға өз үлесін қосып жүрген ғалым, педагогтарға, әдіскерлерге, «Бөбектің» бастамаларын қолдаушыларға шынайы алғыс айтамын», — деді «Бөбек» республикалық балалар қайырымдылық қорының президенті Сара Назарбаева.

«Бөбек» орталығы жұмысын бастағалы бері оның құрамында гуманитарлы колледж, гимназия, «Өзін-өзі тану» балабақшасы мен астрономиялық обсерватория жұмыс істейді. Бұл білім ордаларынан түлеген жастар өмірдің кез келген саласында өз орнын тауып үлгерген. Мұғалімдерге де жағдай жасалып, олардың кәсібилігін жоғарылатуға айрықша көңіл бөлінген.

Қордың мерейтойын құттықтауға қала әкімі Бауыржан Байбек келіп, орталықтың білім саласына қосқан үлесін  атап өтті.

Үш күнге созылатын жиынға шетел және отандық ғалым, ұстаздар да қатысуда.

comments powered by HyperComments