Домой Новости Ресейлік актер ЭКСПО кезіндегі адам сенгісіз жайттар туралы айтты (видео)

Ресейлік актер ЭКСПО кезіндегі адам сенгісіз жайттар туралы айтты (видео)

Ресейлік актер Сергей Светлаков Астанадан ашқан мейрамханасының мерейтойына арнайы келіп, ЭКСПО-дан соң бағасы арзандап кеткен пәтер алуға келгенін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Ресейлік актер ЭКСПО кезіндегі адам сенгісіз жайттар туралы айтты (видео)

«Мен арзан пәтер сатып алу үшін арнайы бір күн бұрын ерте келдім. Білуімше, ЭКСПО-дан соң пәтер бағасы да түсіп кеткен. Саш, өзіңе пәтер алдың ба? Олардың қабырғаларында жарықтар болса да, бағалары өте арзан», — деп әзілдеді Светлаков.

«Екі пәтер сатып алдым. Олардың үстіне тағы қосып береді», — деп жауап берді ресторатор Александр Орлов.

Шоумен ЭКСПО қарсаңындағы дүрбелеңді де есіне алды.

«Таңертең ұшып келгенде әуежайдың быт-шыты шығып жатқан. Кешке қайтарда тіпті асфальт төселіп қойған. Ағаштар жайқалып тұр. Жай ғана ағаштар емес, құстардың ұясы бар ағаштар. Бір күннің ішінде бұл қалай болғаны? Бұл елордадағы ғажайыптардың бірі», — дейді әзілкеш.

Айта кету керек, ұйымдастырушылар мейрамхананың мерейтойына орай арнайы қолтырауын әкеліп, қонақтардың көңіл-күйін көтерді.

Светлаков мейрамханасының мерейтойлық менюі де ерекшелінді. Қонақтар бөтелкесі 2 млн теңге тұратын коньякты көріп таң-тамаша болады.

comments powered by HyperComments