Домой Новости Әр қонағына су жаңа iPhone 8 сыйлаған той иесі алғыс емес, сөгіс...

Әр қонағына су жаңа iPhone 8 сыйлаған той иесі алғыс емес, сөгіс естіп тынды

Сауд Арабиясындағы үйлену тойдың видеосы әлеуметтік желіні шулатып жатыр деп хабарлайды 1news.az сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Әр қонағына су жаңа iPhone 8 сыйлаған той иесі алғыс емес, сөгіс естіп тынды (видео)ФОТО: ВИДЕОДАН ҮЗІНДІ.

Мысырлық БАҚ-тың жазуынша, той иесі мерекеге келген әрбір қонаққа iPhone 8 телефонын сыйлыққа берген. Бағалы затты таратып жатқанының дәлелі ретінде куәгерлер тіпті видеоны ғаламторға салған.

Онда даяшылар іші су жаңа телефон қорабына толы тойбастар іспеттес буылған табақты қонақтарға тарату үшін әкеле жатқаны анық көрінеді.

Кейін белгілі болғандай аста-төк той Сауд Арабиясының батысындағы Джидда қаласында өткен. Жергілікті жұрт пен әлемдік БАҚ өкілдері сонша ысырапшылдыққа барған той иесін мақтап емес сөгіп жатыр.

Осындай шудан соң кейбір қонақтар әлеуметтік желіге Apple қорабының ішінде шын мәнінде телефон емес, тәттілер болғанын жазуда. Тіпті, мұндай ерекше сыйлық жасау жергілікті жұрттың ата дәстүрі делінген.

Алайда әлем жұртының назарына ілінген үйлену тойында нақты не сыйланғаны әзірге белгісіз болып тұр.

comments powered by HyperComments