Домой Новости Путинге қастандық ойлаған адамның әйелін атып өлтірді

Путинге қастандық ойлаған адамның әйелін атып өлтірді

Украинадағы Глеваха елді мекенінде автокөлікті атқылау салдарынан Амина Окуева оққа ұшты, ал оның күйеуі Адам Осмаев жараланды. Бұл туралы Украина ІІМ басшысының кеңесшісі Антон Геращенкоға сілтеме жасаған Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлайды.

Путинге қастандық ойлаған адамның әйелін атып өлтірдіАМИНА ОКУЕВА. ФОТО: CENTRALASIAN.ORG

Ұлты шешен Осмаев Ресей президенті Владимир Путинге шабуыл ұйымдастырды деген күдікке іліккен.

Қылмыс орнында тергеушілер жұмыс істеп жатыр, дейді Геращенко.

Ал Ресей тарапы Осмаевты 2012 жылы президенттік сайлау қарсаңында Путинге қастандық ұйымдастырды деп айыптап отыр.

comments powered by HyperComments