Домой Новости Перзентханаға асығып, жол ережесін өрескел бұзған атыраулық жігітті сот ақтап шықты

Перзентханаға асығып, жол ережесін өрескел бұзған атыраулық жігітті сот ақтап шықты

Атырауда әйелінің ай-күні жақындап қалғандықтан жол-көлік ережесін бұзуға мәжбүр болған жүргізушіні сот ақтап шықты. Судья ол мұндай әрекетке төтенше жағдай орын алғандықтан барған деген ұйғарым шығарды деп хабарлайды ATPress.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Перзентханаға асығып, жол ережесін өрескел бұзған атыраулық жігітті сот ақтап шықтыКӨРНЕКІ ФОТО

Егіз балаға аяғы ауыр келіншекті күйеуі перзентханаға жеткізуге асығып, кесуге болмайтын жолды кесіп өткен. Екі жолақты сызыққа қарамастан, ол жол ережесін бұзған.

Оның бұл әрекетін көрген көлік инспекторы жүргізушіге әйелін перзентханаға апаруға рұқсат береді. Бұл қыркүйек айында орын алған.

Негізінде, қарсы бетке шығып кеткені үшін немесе кесуге болмайтын сызықтан өткені үшін жүргізушілер бір жылға дейін көлік жүргізу құқынан айырылады.

Алайда судья Ботагөз Қасенова іс материалдарын зерттей келе, жүргізуші бұрылған жол бөлігінде екі жолақ анық көрінбей тұрғанын алға тартып, сонымен бірге оның сол сәттегі эмоционалды-психологиялық жай-күйін ескере отырып әкімшілік істі жапты.

Ол жол ережесі төтенже жағдай орын алғандықтан бұзылды деген ұйғарымға келді.

Қатты қуанған көлік жүргізушісі Атырау облыстық сотының төрағасы Марғұлан Бектұрғанов пен өз ісін ақтап алған судьяның атына алғыс хат жолдады.

comments powered by HyperComments