Домой Новости Қостанайда Назарбаев мектебінің оқушысы қымбат көлікпен жол ережесін бұзды

Қостанайда Назарбаев мектебінің оқушысы қымбат көлікпен жол ережесін бұзды

Қостанайда Назарбаев мектебінің кәмелетке толмаған оқушысы қымбат көлікпен жол ережесін бұзып, жол-көлік апатының орын алуына себепші болды деп хабарлайды kstnews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қостанайда Назарбаев мектебінің оқушысы қымбат көлікпен жол ережесін бұздыКӨРНЕКІ ФОТО V-KURSE.RU

Қостанай қаласының әкімшілік соты Назарбаев мектебінің оқушысы Арунаға қатысты істі қарады. Аруна әлі кәмелет жасына толмаған.

17 жастағы Арунаның жүргізуші куәлігі жоқ. Алайда ол бұған қарамастан әпкесінің көлігін мініп кеткен.

1 қазан күні ол Гагарин көшесінің Чекмарев көшесімен қиылысар тұсында «Ниссан» автокөлігімен келе жатып, «ВАЗ 21099» автокөлігіне жол бермеген. Салдарынан екі көлік соқтығысып, Аруна ВАЗ көлігіне материалды залал келтірген. Кейіннен бойжеткеннің туыстары оған ақшалай өтемақы төлеп берген.

Ал Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысына сот тәрбиелік мәні бар жаза тағайындаған.

comments powered by HyperComments