Домой Новости «Нұр-Мұқасан» тобын бірге көрген тыңдармандары әншілердің татуласқанына қуанды

«Нұр-Мұқасан» тобын бірге көрген тыңдармандары әншілердің татуласқанына қуанды

Талай тыңдарманның жүрегінен орын алған «Нұр-Мұқасан» тобы 2016 жылы тарап кеткендерін мәлімдеген болатын. Содан бері қос әншіні бірге көрмеген тыңдарман қауым жуырда Instagam желісінде Нұрлан мен Мұқасанның бірге жүрген сәтін көріп, қуанып қалды.

«Тамаша, көзге сондай жылы көріндіңдер, сендердің әндеріңді сағынып жүр едік, екеуің де өзіндік орындарың бар. «Нұр-Мұқасан» жасай берсін!», «Жұптарыңыз жазылмаса екен…. Алдамшы өмірде сыйласқанға не жетеді?!», «Екеуіңнің дəл осылай бірге əн салғандарыңды бар қазақ қалайды. Жеке əн салғандарың да жақсы. Бірақ, жүрекке əлде қашан «Нұр-Мұқасан» болып ұя салып тастағансыңдар. Оны өшіре алмаймыз», «Қуанышытымыз! Енді ешқашан бөлінбеңіздерші!»,- деп ағынан жарылды қос әншіні сағынып қалған тыңдармандары.

Еске салсақ, «Нұр-Мұқасан» тобының жігіттері 2016 жылы топ шығармашылығына нүкте қойғандарын мәлімдеген болатын. Топтың тарауына Нұрлан мен Мұқасан өзара реніштері себепші болғанын айтқан еді.

comments powered by HyperComments