Домой Новости Мектепке барғысы келмеген қыз төртінші қабаттан секіріп кетті (видео)

Мектепке барғысы келмеген қыз төртінші қабаттан секіріп кетті (видео)

үркияда төртінші қабаттан секіріп, аман қалған оқушы қызға анасы жұрттың көзінше айқайлап ұрсып тастады. Бұл туралы NUR.KZ порталы ru.oxu.az сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Мектепке барғысы келмеген қыз төртінші қабаттан секіріп кетті (видео)ОҚУШЫ ҚЫЗ. ВИДЕОДАН СКРИНШОТ

Бұл оқиға Измит қаласында болған. 16 жастағы оқушы қыз мектепке барғысы келмей, өзіне қол салмақ болады.

Алайда төртінші қабаттан секіріп кеткен жасөспірімді құтқарушылар аман алып қалған. Қызының тірі қалғанын көрген анасы оған сол жерде айқайлап ұрсып береді.

«Саған не жетпейді, хайуан? Неден қиналып жүр едің? Саған тек жақсысын береміз. Менің мемлекеттік қызметкер болғаныма 40 жыл болды. Сен бізді масқара еттің», — деп қызына айқайлап жіберді анасы.

Ескерту: Видеоны жүйкесі жұқа адамдарға қарауға кеңес бермейміз (+18)!

comments powered by HyperComments