Домой Новости Құмар ойын ойнап бәрінен айырылған қазақ жігіті өкініштен жылап жіберді

Құмар ойын ойнап бәрінен айырылған қазақ жігіті өкініштен жылап жіберді

ОҚО Жетісай қаласының 22 жастағы Данияр есімді тұрғыны оқуға түскен соң құмар ойынның арбауына түсіп, қолындағы барынан қалай айырылғанын айтып берді. Ата-анасының, сүйіктісінің сөзіне құлақ аспаған жігіт тәуелділікке тап болғаны үшін өкініп, көз жасын тыя алмады деп хабарлайды NUR.KZ.

Құмар ойын ойнап бәрінен айырылған қазақ жігіті өкініштен жылап жібердіКӨРНЕКІ ФОТО

Порталдың + 7747 535 1298 WhatsApp нөміріне хабарласқан Данияр есімді оқырман басынан өткен жайттың басын ашып, өзі тап болған тығырық туралы айтып берді.

«Мен 22 жастамын. Есімім Данияр. Жетісай қаласының тумасымын. Орта мектепті үздік бітірдім оқуға түстым. Бәрі содан басталды. Алғашында оқу үлгерімім жақсы болатын спортпен шұғылданып өз ортамның алды болдым. Кейін мен жаңа достар таптым. Мен сол достарыммен қалада кешкісін қыдыруды, түрлі ойын-сауық кештеріне баруды бастадым. Солай жалғаса берді.

Оқу үлгерімім нашарлай бастады. Бір күні сол достармен құмар ойын ойнауға бардық (олимп). Мен алғашында мүлдем түсінбедім. Досым мол қаржы ұтасың деп қоймады. Сосын олар маған қалай ойнау керектігін түсіндіре бастады. Футбол  ойынына ставка қойдым. 27 000 теңге ұтып алдым, бәрі осылай басталды», — деген ол алғашқы жеңістен соң қалай ұтылғанын айтты.

«Кейін ақырындап ұтыла бастадым. Осылай күндер өте берді.  2-ші курсты бітірдым арең дегенде.

Біздің отбасы қарапайым семья болатын. Мені әрең оқытып отырған. Мен құмарға катты беріліп кеттім. Енді маған әлгі достар да керек болмай қалды. Құмар ойнауым үшін өзім барып, бірнеше күн ұйқысыз ойнайтын болдым. Сүйген қызым болатын. Оқуға алғаш келген күні танысқан болатынбыз. Есімі — Айгүл. Біз бақытты жұп едік. Канша қарызга кіріп киналсам да, ол менен көмегін аямайтын.

3 жыл жанымда болды. Ақыр соңында шыдамы жетпеді. Құмар ойындарыңды жинамасаң мені ұмыт деді. Мен сөзін құлағыма да ілмедім», — деген олақыр соңында ата-анасының да наразылығына тап болған.

Оқуына деп ата-анасы берген 470 000 теңгені ол тағы да құмар ойынға жұмсаған.

«Мен алғашында ұтылсам қатты күйінетін едім. Содан темекі тарту ішімдік ішуді үйренген болатынмын. Кейін келе қанша ақша ұтылсам да еш күйінбейтін болдым. Керісінше, күліп кектенетін болдым. Қалай да ұтамын деп», — деп жазады оқырман.

Психологтарды жағалап, еш пайда таппаған жігіт құмар ойынның шырмауына өз күшімен енді ғана шыға алған. Жаңа өмір бастағанына 6 ай ғана болған ол қазақ жігіттерінен өзінің қателігін қайталамауды сұрайды.

«Еліміздегі ккөптеген жастар құмар ойынның жетегінде жас өмірлерін қор қылып жатыр. Билік басында отырған ағаларымызға мұндай ойындар ойнататын кеңселер, дүкендер саны жағынан өте көп екені жетсе екен. Шара қолданып, азайту керек. Тіптен мүлдем тыйым салса дұрыс болар еді.

Еліміздің келешегіне балта шауып жатыр. Құмардың жетегінен шығу өте иқын. Ұрлық-зорлық, түрлі қылмыстар, тіпті кісі өліміне дейін итермелейді бұл құмар. Өтініш, бұл қасіретті болдырмайықшы», — деп жазды ол.

comments powered by HyperComments