Домой Новости Маңғыстауда «үлгілі ауыл» байқауы ұйымдастырылды

Маңғыстауда «үлгілі ауыл» байқауы ұйымдастырылды

Маңғыстауда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Үлгілі ауыл» байқауы өз мәресіне жетті.

Маңғыстауда «үлгілі ауыл» байқауы ұйымдастырылды

Ауылдық елді мекендерде адам өмiрi мен денсаулығы үшiн қолайлы ортаны қалыптастыру мақсатында Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен өткізілген бұл конкурсқа тұрғылықты халық саны 3,0 мыңнан асатын және 3,0 мыңнан аз ауылдар қатысты. Аудан ішінен үздік деп танылған ауылдар облыстық байқауға ұсынылды.

Маңғыстауда «үлгілі ауыл» байқауы ұйымдастырылды

Әр ауылда тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін жасыл архитектура жоспары жасалып, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде. Мысалы, өңірдегі су тапшылығына қарасмастан Таушық ауылында аумағы 3,2 га орталық саябаққа 900 түп ағаш отырғызып, баптап келеді. Сондай-ақ, көше бойына 672 электр шамы орнатылып, толық жарықтандырылған.

Маңғыстауда «үлгілі ауыл» байқауы ұйымдастырылды

Арнайы жасақталған жұмыс тобы байқауға ұсынылған 8 ауылды аралап, олардың ерекшеліктері бойынша анықтама әзірледі. «Үлгілі ауыл» облыстық байқауын сарапшы комиссия төмендегідей қортындылады:

1. Тұрғылықты халық саны 3,0 мыңнан асатын ауылдар арасындағы байқау қорытындысы бойынша:

I орын – Түпқараған ауданының Таушық ауылына 10,0 млн. теңге сыйақы;

II орын – Қарақия ауданының Жетібай ауылына 7,5 млн. теңге сыйақы;

III орын – Бейнеу ауданының Боранқұл ауылына 5,0 млн. теңге сыйақы;

Ынталандыру сыйлығы – Мұнайлы ауданының Дәулет ауылына 2,0 млн. теңге сыйақы берілді.

2. Тұрғылықты халық саны 3,0 мыңнан аз ауылдар арасындағы байқау қорытындысы бойынша:

I орын – Маңғыстау ауданының Үштаған ауылына 10,0 млн. теңге сыйақы;

II орын – Қарақия ауданының Сенек ауылына 7,5 млн. теңге сыйақы;

III орын – Бейнеу ауданының Сарға ауылына 5,0 млн. теңге сыйақы;

Ынталандыру сыйлығы – Түпқараған ауданының Қызылөзен ауылына 2,0 млн. теңге сыйақы табысталды.

Маңғыстауда «үлгілі ауыл» байқауы ұйымдастырылды

Байқау шартына сәйкес жеңімпаз атанған ауылдар сыйақының 80%-ын көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарына жұмсауы тиіс. Ал 20 %-ынан аспайтын мөлшерде ауыл нысандарын көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстарына үлес қосқан заңды және жеке тұлғаларды марапаттауға ұсынылды. Аталмыш байқау жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін болады.

comments powered by HyperComments