Домой Новости Маңғыстау облысында мал шаруашылығы күн сайын дамып келеді

Маңғыстау облысында мал шаруашылығы күн сайын дамып келеді

Маңғыстау облысы әкімдігінің алға қойған негізгі мақсаттарының бірі Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауында айтылған аграрлық секторды облыс экономикасының драйверіне айналдыру. Ата кәсібіміз мал және егін шаруашылығын дамыта отырып, алдымен жергілікті тұрғындарды толық өз өнімдерімізбен қамтамасыз ету.

Маңғыстау облысында мал шаруашылығы күн сайын дамып келеді

Ел болып, осы жолда еңбек етсек, бұған толық мүмкіндігіміз бар. Ауылшаруашылық саласының тоғыз айын қорытындылап, алқалы жиын өткізген облыс әкімі Ералы Тоғжанов басқосуда осылай деді. Өңір басшысы аймақта атқарылған жұмыстардың есебін тыңдап, кәсіпкерлермен кездесті.

Мал шаруашылығын өткен жылмен салыстырғанданда өңірде өсім бар, яғни мал басы 12,5 пайызға артқан. Мәселен, былтыр (2016ж.) 482 713 болса, биыл (2017ж.) 537 247 құрады. Көш басында Маңғыстау мен Бейнеу аудандары тұр. Асыл тұқымды мал шаруашылығы — сапалы да мол өнім өндірудің көзі. Қазіргі күні Маңғыстау облысы бойынша 36 асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектісі тіркелген.

Маңғыстау облысында мал шаруашылығы күн сайын дамып келеді

Дәл осы саладағы тауарөндірушілерді мемлекеттік қолдау аясында мал өнімділігін арттыруға облыс бойынша 260 млн. теңге субсидия қаржысы бөлінген. Мал шаруашылығымен айналысам деген азаматтарға жан жақты қолдау көрсетілуде.

Маңғыстау облысында мал шаруашылығы күн сайын дамып келеді

Сол үшін мүмкіндікті мүлт жібермей, нақты іс бастау керек деді, Ералы Тоғжанов. Сондай-ақ ол, Бірккен Араб Әмірлігінен жылына 2,5млн бас қойға сұраныс бар.

Маңғыстау облысында мал шаруашылығы күн сайын дамып келеді

Бұл біздің экспорттық әлеуетімізді арттыруға жол ашатын болады. Сондықтан барлық шопандарды қойды көп өсіруге шақырды. Осы ретте шопан көмекшілеріне ай сайын тұрақты жалақы беріліп тұратынын мәлімдеді.

Маңғыстау облысында мал шаруашылығы күн сайын дамып келеді

Аянбай тер төгіп, еңбек етсең, жер ананың да жерге қаратпайтыны анық. Яғни, берекесі мол кәсіптің бірі егін шарушылығы. Бүгінде облыс бойынша егістікпен айналысатын 120 шаруашылық және 13593 үй шаруашылықтары бар. Биылғы егін алқабының көлемі 1100 га (2016ж. 941 га). Сонымен қатар 27 жылыжай кешіні жұмыс жасап тұр. Бұл салада да мемлекет тарапынан 181 млн.теңге субсидия бөлінген.

Маңғыстау облысында мал шаруашылығы күн сайын дамып келеді

 

Алдағы уақытта аймақтағы жылыжайлар мен ұңғымалардың санын арттырып, жаппай тамшылап суару технологиясына өту керектігі айтылды. Жиын соңында облыс әкімі бұл көрсеткіштермен тоқмейілсуге болмайды, егін және ауылшаруашылық саласында өнім өндіретін кәсіпорындарға өндіріс көлемін көбейтуді тапсырды. Сонымен қатар, мемлекеттің жеңілдіктерін пайдалана отырып, жаңа кәсіпорындар ашу керектігін атап өтті.

comments powered by HyperComments