Домой Новости Мақпал Жүнісова марқұм Заманбектен кейін неге тұрмысқа шықпай қалғанын айтты

Мақпал Жүнісова марқұм Заманбектен кейін неге тұрмысқа шықпай қалғанын айтты

Мақпал Жүнісова Zhuldyz.tv арнасының «Сенбілік серуен» бағдарламасына берген сұхбатында көптен айтылмаған сырын ақтарып, күйеуінің өлімінен кейін өмірден түйген ойларымен бөлісті. Әншінің айтуынша, анасы оның екінші мәрте тұрмысқа шығуына қарсылық білдіріп, тіпті бұл туралы айтуға тыйым салған.

Мақпал Жүнісова марқұм Заманбектен кейін неге тұрмысқа шықпай қалғанын айттыМАҚПАЛ ЖҮНІСОВА. ФОТО: ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНЕН

«Баяғыда Зәкең айтушы еді: «Күн сияқты адамдарға қатты жақындама, қанатыңды күйдіріп аласың»,- деп. Өмірімді басқаша қылып өзгерткім келеді. Күйеуге тиейін деп жатқам жоқ, ешкім құда түскен жоқ (күліп) «Мына қыз біреумен жүретін шығар, күйеуге шығып кеткен шығар, неге үндемейді»,- деп ойлайды ғой біреулер.  Өзім шешеме тартқанмын, мені де солай шегелеп тастады ғой. Шешем өзі 47 жасында жесір қалған, мен де сол шамалас қалдым ғой. Әкеміз қайтқан кезде кенже қызымыз 4 жаста болатын, содан кейін анам ешкімге көзін сүзбеді, ешкіммен жүрмеді. «Әй, өлген жоқпыз ғой, сексенге келдік», — дейді қазір.

Дәрігерлерге барсам маған: «Сіз ер адаммен тұру керексіз, табиғаттың заңын бұзып жатсыз. Тұрмысқа шығыңыз», —  деп айтады. Дәрігерлер дің айтқанын анама жеткізгенмін. Сөйтсем ол кісі: «Басты қатырмасын! Ана Мерейді өсір! Алжыма, сенің шешең өлген жоқ. Сендерді өсіріп сексенге жеттік»,- деп шегелеп айтты. Шешем сөйтіп айтқан соң ұялдық. Осыдан кейін тұрмыс құру туралы тақырыпты жауып қойдық, ешкім де маған құда түскен жоқ. Адам баласы болған соң ойлап қоясың. Махаббат туралы кино көрсең, қыз бен жігіт қатар отырып, сүйісіп отырса есіңе түседі. Бірақ өзімді бірден жинап аламын»,- дейді әнші.

Әнші бүгінде бар арманы қызын жеткізіп, соның бақытын көру керек екенін айтты. Дегенмен ол рухани әлемі бай, жақсы адамдарға ғашық болудың еш әбестігі жоқ екенін жеткізді.

comments powered by HyperComments