Домой Новости Ұлына шайтанның атын қоймақ болған ерлі-зайыптылар жұртты дүр сілкінтті

Ұлына шайтанның атын қоймақ болған ерлі-зайыптылар жұртты дүр сілкінтті

Германияда ерлі-зайыптылар туған ұлына мағынасы әзәзілмен тең саналатын Люцифер есімін бермек болды. Алайда сот жас жұбайларды райынан қайтарды. Бұл туралы NUR.KZ порталы news.bigmir.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлына шайтанның атын қоймақ болған ерлі-зайыптылар жұртты дүр сілкінттіНӘРЕСТЕ. КӨРНЕКІ ФОТО ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕН АЛЫНДЫ

Кассель қаласында тұратын ерлі-зайыптылардың ұлына оғаш есім бермек болғанын біліп алған жергілікті шенеуніктер соттың көмегіне жүгінген.

Олар «Люцифер» есімі болашақта балаға көп қиындықтар тудыратынынан қорыққан. Нәтижесінде сот ерлі-зайыптыны балаға өзге есім беруге көндіре алды.

Ақылға құлақ асқан жас жұбайлар жаңа туған ұлына Люциан деген есім беретін болды.

Айта кетсек, христиан дінінде Люцифер есімі әзәзіл мағынасымен тең күнаға батқан періштені білдіреді.

comments powered by HyperComments