Домой Новости Әлемде жолдары тақтайдай мемлекеттер белгілі болды

Әлемде жолдары тақтайдай мемлекеттер белгілі болды

Бүкіләлемдік экономикалық форумның бәсекеге қабілетті елдер арасында жүргізген зерттеуіне сәйкес, еліміз жолдардың сапасы жөнінен 115-ші орынға әзер ілінген деп хабарлайды КТК арнасы.

Әлемде жолдары тақтайдай мемлекеттер белгілі болдыИЛЛЮСТРАЦИЯЛЫҚ ФОТО С САЙТА SMI44.RU

Сарапшылардың назарына барлығы 137 мемлекет іліккенін ескерсек, бұл көңіл көншітерлік көрсеткіш емес. Тіпті, еліміз үздік жүздікке де маңайлай алмаған. Сапасы сын көтермейтін жолдары бар Ресей әупірімдеп жүріп Қазақстанан бір саты жоғары орналасқан.

Ал Біріккен Араб әмірлігі тақтайдай жолдарымен 1-ші орын, Сингапур екінші, Швейцария үздік үштікті түйіндеген.

Естеріңізге салсақ, осы жылдың ортасында шенеуніктер Астана-Өскемен, Атырау арқылы Астраханға шығатын Астана-Ақтау, Жетібай-Жаңаөзен сынды 11 трасса жөндеуден өтіп, олардың реконструкциясына халықаралық қаржы ұйымдарынан бір миллиард 800 миллион доллар қарыз алатындарын айтқан болатын.

comments powered by HyperComments