Домой Новости Кітапханада дүркіретіп Хэллоуин тойлаған шымкенттік жастар жұрттың ашуын келтірді (фото)

Кітапханада дүркіретіп Хэллоуин тойлаған шымкенттік жастар жұрттың ашуын келтірді (фото)

Шымкент жастары Хэллоуин мерекесін кітапханада дүркіретіп тойлады деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Кітапханада дүркіретіп Хэллоуин тойлаған шымкенттік жастар жұрттың ашуын келтірді (фото)КІТАПХАНАДАҒЫ ХЭЛЛОУИН. ФОТО: INSTAGRAM

Жаңалыққа жаны құмар Шымкент тағы да елді дүрліктірді. Бұл жолы жастар қауымы жұртшылықты таң қалдырып отыр.

Хэллоуин мерекесін назардан тыс қалдырмаған олар аталған шараны ерекше атап өтуді ойлаған болу керек, кітапханада тойлауды жөн санаған. Бұл туралы шымкенттік тұрғын Ерболат Айнабеков желі парақшасында бөлісті.

«Бүгін А.Пушкин атындағы облыстық әмбебап кітапханасында Хэллоуин мерекесі тойланды», — деп жазған автор өз ақпараты дәлелді болуы үшін фотолар да жүктеген. Оны көрген желідегілер ашуға булықты.

Кітапханада дүркіретіп Хэллоуин тойлаған шымкенттік жастар жұрттың ашуын келтірді (фото)КІТАПХАНАДАҒЫ ХЭЛЛОУИН. ФОТО: INSTAGRAM

«Жетіскен екен…», «Кітапханашыларының есі дұрыс па?», «Ол қай сасқандары? Жөнімізді түзей алмай жүргенде, бұл қай ақылдының шығарғаны?..», «Облысымыздағы қара шаңырағымыз осылай жасап жатса, қалғанына сенім жоқ», — деп пікір қалдырды қолданушылар.

comments powered by HyperComments