Домой Новости Күйеуіне көңілі толмаған жас келін 15 адамды өлтіріп қойды

Күйеуіне көңілі толмаған жас келін 15 адамды өлтіріп қойды

Пәкістанның Музаффаргарх қаласының 21 жастағы тұрғыны күйеуін ғана улаймын деп 15 адамды өлтіріп қойды деп хабарлайды Daily Pakistan-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Күйеуіне көңілі толмаған жас келін 15 адамды өлтіріп қойдыКӨРНЕКІ ФОТО: TSARGRAD.TV

Басылымының хабарлауынша, осыдан бір ай бұрын бойжеткенді туыстары сүйген адамы бола тұра еркінен тыс тұрмысқа берген. Жас келін жаңа отбасынан қашып кетпекші болады алайда туыстары оны қайтадан сол үйге апарып тастайды.

Отбасылық өміріне көңілі толмаған Асия сүйіктісімен бірге күйеуінен кек алуды ойластырады. Сөйтіп, ол күйеуінің сүтіне тышқанның уын қосып береді.

Алайда ер адам сүтті ішуден бас тартады. Кейін ешкім ішпеген сүттен келіншектің енесі дәстүрлі йогурт пен май дайындап 27 адамнан тұратын бір әулетті тамақтандырады.

Сөйтіп, тышқан уы қосылған йогурттан 27 адам уланып, оның 15-і сол жерде тіл тартпай кетеді. Әзірге қалған адамдардың денсаулығына қатысты басқа мәлімет жоқ. Қаза болғандардың арасында оның күйеуі де бар.

Қазір Асия Биби мен оның сүйіктісі қамауға алынған.

comments powered by HyperComments