Домой Новости Хитке айналған «Зың-зың» әнінің авторы туралы не білеміз?

Хитке айналған «Зың-зың» әнінің авторы туралы не білеміз?

Әп-сәтте күллі елді жаулап алған ән авторы Болат Нұрымов кеше түнде дүниеден озды. 1990 жылы дүниеге келген жас жігіттің достарының айтуынша, ол қатты сырқаттан қайтыс болған деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Ерекше айта кетерлігі, Болат Нұрымов студент кезінде өзгелерден ерекше талантымен көзге түскен. Студент шағында қойылым барысында сомдаған тағдыры қиынға толы азаматтың рөлін көрерменге паш еткен сәтінде көзіне ерік бермеген жан болмаған. Бір өкініштісі, аталған спектакльдегі кейіпкерінің өмірі мұның жеке тағдырында да қайталанған.

«Студент күнінде бар ынта-жігерімен өзі сомдап шыққан тағдыр жазуын бейнелейтін Болаттың рөлі көрерменге ой салып, жүректерін тебірентпей, көзге жас алдырмай қоймаған… Арада санаулы ғана жылдар. Спектакльде сомдалған оқиғалар желісі өмірде де кезең-кезеңімен өтіп жатқаны қызық. Əуелі ата-анадан айырылу, отбасын құру, кенеттен өзі дүние салу….Ойламаған жерден, жеңіл болса да Шымкенттің бренд сөзіне айнала кеткен «Зың» сөзі де жарқ ете қап сөнер шырақтың ізін салса керек-ті.

Қалған ғұмырды ұрпағыңа берсін!» деп жазды желі парақшасында Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет басқармасының қызметкері Мадина Айтбенбетова. Айта кетерлігі, марқұм жігіттің артында екі перзенті қалды.

comments powered by HyperComments