Домой Новости Еліміздің оңтүстігінде қайтадан күн жылып кетуі ықтимал

Еліміздің оңтүстігінде қайтадан күн жылып кетуі ықтимал

«Қазгидромет» орталығы 28-30 қазан күндеріндегі ауа райына болжам жасады.

Еліміздің оңтүстігінде қайтадан күн жылып кетуі ықтималКӨРНЕКІ ФОТО: POZITIVVISION

Қазақстанның батысындағы циклон солтүстік-шығыс бағытқа қарай ығысады. Сенбі күні ол республиканың шығыс аймақтарына жетеді. Соның әсерінен республиканың басым бөлігінде жаңбыр, қар жауып, қатты жел тұрады, оңтүстік пен оңтүстік-шығыс облыстардың жекелеген аудандарында жаңбыр жаууы мүмкін.

«Циклон артынан Иран аудандарынан ығысатын құрғақ және жылы ауа массалары Қазақстан аумағына жылу әкеледі. Республиканың солтүстік жартысында күндізгі температура 3…11 °С дейін көтерілсе, оңтүстікте 15…20 °С, қиыр оңтүстікте 23…28 °С дейін жылы болады», — дейді синоптиктер.

comments powered by HyperComments